Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша
1.jpeg
Балабақша
Сіздің балаларыңыздың болашағы сенімді қолда! Тәрбие мен оқытудың жаңа тәсілі.
Балабақша туралы

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген мемлекет басшысы Қ.Тоқаев

"Балабақша - білім бастауы" 

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп - балабақша. Ол - баланың екінші үйі. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жас­тан дамытады. Бала - болашағымыз, бала - қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың бас­ты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша - келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Онда ұрпақты еңбекке, өнер - білімге, елінің ар - намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.

 Осындай мақсатпен Тәуелсздігіміздің 30 жылдығына орай 2021 жыл 02 желтоқсан күні Алматы обылысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылында «Балдырған» бөбекжай - балалар бақшасы ашылды. Балабақша 90 балаға арнап ашылып, 4 топ жұмыс істейді. Балабақша 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Соның ішінде 12 педогог қызметкер, 18 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Балабақша меңгерушісі болып Батырбекова Гүлнар Оразалықызы тағайындалды. Тілі былдырлап енді ғана шыға бастаған бүлдіршінді тәрбиелеу, жаңа өмірдің жаңалығымен таныстыру тәрбиешіге жүктелген міндет. Яғни олардың бойына білімнің ең алғашқы дәнін егу үлкен жауапкершілікті, білім мен біліктілікті қажет етеді. Әр топтағы 25 баланың бойындағы талантты танып, дұрыс арнаға түсіруге тырыс­атын білімді педагогтер. Енді міне, сол бүлдіршіндер түстерді ажыратып, санақ санауға қабілетті. Бұл балабақшаның әдіскері Қозыбаева Ақмарал Бүрленханқызы үнемі тәрбиешілерге жаңа методикаларды үйренуге, оқу іс - әрекеттерінде қолданып жүруге кеңес беріп отырады. Міне соның нәтижесінде балабақша бүлдіршіндері үнемі заманауи талаптарға сай қызықты оқу іс - әрекеттерін өтеуде.

Балабақша бар білімнің бастауы. Сондықтан "Ел болам десең, бесігіңді түзе"- деген қазақ мақалында айтылғандай балаларымыздың болашақта отансүйер азамат болып өсуі үшін, болашақ азаматтарымызды тәрбиелеп өсіру өз қолымызда екенін ұмытпайық. Әсіресе отбасы мен балабақша ынтымақтастықта бірігіп жұмыстар атқарса нәтижесі қуантарлықтай болары сөзсіз.

{gallery}it13/1/{/gallery}

Толығырақ

Біздің жетістіктеріміз

30
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР
5
ТОПТАР
4
БІР РЕТТІК ТАМАҚТАНУ
12
ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірмелер, курстар

Пайдалы ресурстар

Біз картада